Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Шардара аудандық прокуратурасы жол жүру ережелері мен қағидаларын қатаң сақтау – адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалудың ең басты кепілі екендігін ескертеді.
Прокуратура тарапынан жол көлік оқиғаларының орын алуының себептеріне жүргізілген талдау бойынша апатты жағдайлардың себебі бірінші кезекте – көлік жүргізушінің жылдамдықты асыруы, екінші – қарсы бағытқа шығуы, үшінші – тыйым салынған орындарда көлікті басып озуы болып отырғанын көрсетті.
Мысалы, 16.07.2023 жылы Шардара-Жетісай автожолының 27-шақырым тұсында «BMW 525» маркалы автокөлік пен «Volswagen GOLF» маркалы автокөлік соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан «Volswagen-GOLF» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Көлікте болған 1 жолаушы түрлі дене жарақатымен Шардара аудандық ауруханасына жеткізілді.
Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық істің шеңберінде «BMW 525» маркалы автокөліктің жүргізушісі 1997 жылы туылған «Ү.Б.Т.» есімді азамат ҚПК-нің 128 бабының талаптарына сәйкес, бұлтартпау шарасымен қамауға алынды. Қылмыстық іс аудан прокуратурасының бақылауында.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Кез келген көлік түрі аса жоғары қауіп көзі болып табылады. Көлік басқару кезінде тәуекелге жол берілмейді. Сол себепті көлікті басқару маңызды және үнемі әрі үздіксіз жұмыс істеу арқылы жолдағы қозғалыстарды бақылап отыруды қажет ететіндігін назарда ұстау қажет.
Шардара ауданының прокуроры Руслан АБДРАИМОВ.