Таяуда Алатау батыр ауылының спортсүйер жастары қуанышқа кенелді.
Өйткені кешегі аптада «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы атақты спортшы, Шардара аудандық мәслихат төрағасы Қарсыбаев Арман Романұлы Алатау батыр ауылдық округіне гір көтеру спортына керекті барлық жаттығу құрал-жабдықтарын сыйға тартып, ауылда жаңа спорт түрінің ашылуына себепкер болды. Жаңадан ашылған гір көтеру залында осы өңірдің тумасы Көмек Еркебұлан Серікұлы бапкерлік қызмет ететін болады.
Жас спортшыларға құрал-жабдықтарды табыстау барысында А.Қарсыбаев жаңадан ашылған гір көтеру залынан еліміздің көк байрағын көкке көтеретін чемпиондардың көптеп шығуына тілектес екенін білдірді.
Мықтылардың ауылдан шығатынына біз де сенімдіміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.