Жуырда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы Шардара ауданына іссапармен келді. Е.Кенжеханұлы алдымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының баста- масымен бастау алған жүгері өңдеу зауытына барды. Зауыт жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд теңге, онда 550 жұмыс орны ашылады.
Ауыл шаруашылы сала- сын әртараптандыру үшін қолға алынған жаңа зауыт индустриалды аймақта орналасқан ірі өндіріс орнының құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Алдымен жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда іргетасын құю жұмыстары аяқталып, құрал-жабдықтары алынған. Монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық іске қосылады деп күтілуде.
Мұнан кейін Ермек Кенжеханұлы Көксу ауыл округінде орналасқан ағын су қашыртқыларын механикалық тазалаудан өткізу жұмыстарымен танысты.
Ағын су қашыртқыларын 3 кезеңге бөле отырып, тазалау жұмыстарын жүргізуге кесте жасалып, бекітілген. Осы кестеге сәйкес, 1-кезеңде 93,729 шақырымдық көлемді тазалау қолға алынған. Тазалау жұмыстарына «Тұран су» ШЖҚ МКҚ мекемесі тарапынан 3 дана эксковатор бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңға қашыртқылардың тазаланған көлемі 11,5 шақырымды құрайды. Жұмыстар жалғасуда.
Сонымен бірге, аудандағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстарды қарады.
Аудандағы 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін "Ислам Даму" банкі арқылы 17,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Жоба бойынша Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауыл округтерінде орналасқан 105 дана, Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтерінде орналасқан 89 дана тік дренажды ұңғымалар қайта қалпына келтірілу қажет. Жұмыстарды 2025 жылы мамыр айында аяқтау жоспарланған. Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауыл округтерінде орналасқан 108 дана тік дренаждарға конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Қызылқұм ауыл округінде орналасқан Л-1 темір-бетон арықшалардың (лоток) құрылысын «Тұран су» ШЖҚ МКҚ мекемесі жүргізген. Бүгінгі таңға осы құрылысты өткізу-қабылдау жұмыстары аяқталмаған. Оның себебі, құрылыс барысында жіберілген кемшіліктердің орын алуы болып отыр. Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырма берілді.
Бұдан бөлек облыс әкімінің орынбасары Ақшеңгелді ауыл округіндегі Егізқұм елді мекенінде орналасқан темір-бетон арықшалар жүйесін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын қарап шықты. Мұндағы екі каналда (ұзындығы 10,596 км) құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі таңға каналдардың орындары тазаланып, жаңарту жұмыстары қолға алынған, диаметрі 60-тық 400 дана, 80-дік 60 дана, 100-дік 20 дана темір-бетон арықшалар әкелінген.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.