Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен, Шардара ауданының білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының ата-аналары және бала тәрбиесіне жауапты мамандармен біргелікте «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» атты кездесу өтті.
Кездесуге 300 ден астам ата-аналар, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудан прокуроры Руслан Әбдірайымов, «Ұлттық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Марат Ержігітов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Шералы Әділханұлы, ата-аналар, теологоия, психология мамандары қатысты. Жиын барысында ата-аналардың уәждері мен мамандардың ұсынымдарына негізделген балалардың тәрбиесіне қатысты аудандағы өзекті мәселелер талқыланды.
– Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жастарға өнегелі тәрбие беріп, жоғары білім нәрін құю – баршамыздың ең басты міндетіміздің бірі. Бала тәрбиесіне ата-ана, ұстаздар ғана емес әрбіріміз жауаптымыз. Болашағымыздың жарқын болуы ол тәрбиеде. Біз құқық қорғау органдары ретінде жастардың тәрбиесін қатаң заңмен емес рухани құндылықтармен тәрбиелеуді құп көреді. Адамды қамап соттау арқылы емес жастайынан өнегелі тәрбиемен өсіру арқылы қылмыстың алдын алуға болады. Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, балаларымыздың ең бірінші дүние танымы сіздер арқылы жүзеге асады. Сондықтан сіздердің қоғамдағы рөлдеріңіз орасан. Ұлт болып ұйысып, еліміздің болашағы жарқын болсын десек ұрпағымызға дұрыс тәрбие берейік, – деді Р.Әлжанұлы.
Сондай-ақ, жиынға қаты- сушылар өз пікірлерін ортаға салып, жастардың тәрбиесі бойынша сөз қозғады.
Кездесу нәтижесімен жергілікті атқарушы органда- рына ата-аналармен бірле- сіп, балалардың түнгі мезгіл- де көшеде, ойын-сауық орындарында жүруіне тосқауыл қоюға нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.