Апта барысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов Шардара ауданына іссапармен келіп, аудандағы мақта қабылдау пункттері мен зауыттарды аралады.
«Басты мақсатымыз – мақта екен шаруаларға барынша қолдау көрсету. Әрбір мақта қабылдау пункттеріндегі лабораториялардың дұрыс жұмыс істеуі, тараздардың таза көрсетуі және шаруалардың қаржысын келісім бойынша уақытылы беру мәселелерін қарап шығудамыз. Ала жаздай еңбек еткен диқандардың еңбегі еш кетпесе екен дейміз», – деді Н.Әбішов.
Қазіргі кезде мақта пункттері аванс ретінде қаржы таратып жатқандарын алға тартып отыр. «Баға тұрақтаған соң мақта өткізген шаруалармен толықтай есеп айырысамыз» дейді мақта қабылдаушы тарап.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мақта жиын-теріміндегі жағдай бақылауда екендігін жеткізді.
Айта кетсек, Шардара ауданы бойынша 40 мақта қабылдау пункті бар. Ағымдағы жылы 44 мың тоннадан астам мақта жиналады деп күтілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.