Апта барысында Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егізқұм, Достық елді мекендерінде орналасқан сайлау учаскелерінің мүшелерімен семинар өтті. Семинарға 74 комиссия мүшесі қатысты.
Жиынды Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Бейсенбиев жүргізіп отырды. Семинар барысында сайлаушылар тізімімен жұмыс жүргізу, сайлау күні сайлау учаскесін ашу, жабу, бюллетеньдерді санау, хаттамалар толтыру, БАҚ, байқаушылар мен сенімді өкілдердің талап-тілектеріне заң аясында жауап беру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығына нұқсан келтірмеу, сондай-ақ сайлау комиссиясы мүшелерінің жауапкершілігі мәселелеріне кеңінен тоқтады. Өзге де сұрақтарға жауап берді.
Өз тілшімізден.