Кеше Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Шардара ауданына іссапармен келді.
Министр ең алдымен Ақшеңгелді ауылдық округінде жүргізіліп жатқан ПУИД-2 ағын су каналдарын бетондау және Батыс ағын су коллекторының құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Ұзын ата ауылындағы қазылып жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Ұзын ата ауылында министрге аудандық мәслихат депутаты Б.Кеншім аудандағы ағын су тарифы мен ағын су үнемділігі бойынша ұсыныс айтып, мәселе көтерді.
Нұржан Молдиярұлы сонымен қатар құрылысы кешеуілдеп тұрған Жаушықұм алқабындағы 12192 гектар алаңдағы су тартқыш пен сорғы станциясын реконструкциялау жобасымен танысты. Жобаға жауапты тараптарға ескерту жасап, мәселені шешуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Шардара су қоймасының жалпы жағдайымен танысты. Министрге аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаров «Тама-Тастанбек» ауызсу жобасын таныстырып, жобаға қолдау жасауды сұрады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы аудандағы бірақатар жобаларды қарап, мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.