Құрметті шардаралықтар!
Баршаңызды тәуелсіз еліміздің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», – деп атап көрсетті.
Әлемдік тарих толқынында өзін Тәуелсіз Ел ретінде орнықтырғаннан бергі уақытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің озық елдерінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің жеткен жетістіктері мол.
Қоғамдық келісім мен бірлік еліміздің қарқынды дамуына, сол арқылы халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Шардара ауданында да атқарылған ауқымды істер мен жүзеге асырылған жобалар баршылық. Оларда әрбір азаматтың еселі еңбегі, лайықты үлесі бар.
Мерейлі мереке сәтінде сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, кемел келешек жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз.
Мемлекетіміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Аудан әкімі Қ.Жолдыбай
Аудандық мәслихат төрағасы А.Қарсыбаев