Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні 2011 жылы белгіленіп, қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Аталған мерекелік күн биыл да өз дәрежесінде өтті. Осы күні қала әкімі Олжас Айдосов ауданымызда әлеуметтік сала бойынша еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандарын арнайы қабылдап, мерекелік сый-сияпат табыс етті.
«Бұл мереке – бүгінгі таңда тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырудағы өзіндік зор үлесі бар, өзінің жанқиярлық еңбегімен, қажымас қамқорлығымен қарттарға қызмет етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға баға жетпес көмек көрсетіп жүрген мамандардың мерекесі.
Қоғамымыздың, өміріміздің тұрақтылығымен әл-ауқаты көп жағдайда халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейіне, әлеуметтік кепілдіктерге байланысты болса, оның жүзеге асуы әлеуметтік қорғау жүйесінің мамандарымен тікелей байланысты» - деп қала әкімі Олжас Айдосов арнайы мамандарды мереке күндерімен құттықтап, Алғыс хаттар табыстады.
Марапат алған жандар азды-көпті еңбектерін бағалаған жандарға алғыстарын білдірді.
Мадина Ералы.