Қазан айының 20 және 23 күндері аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ғимаратында аудандағы барлық учаскелік сайлау комиссияларының төраға, орынбасар және хатшыларымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң талаптары тағы да бір рет пысықталып, семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға қатысушыларға ауданымызда бірінші рет пилоттық режимде өткелі отырған аудан әкімін сайлау ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді. Сайлауды Заң талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, заңсыздыққа жол бермей, ұйымшылдықпен өткізу тапсырылды.
А.Искаков, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.