Өтетін орны: Шардара қаласы, аудандық мәдениет сарайы.
Өтетін мерзімі: 2023 жылдың 15 қараша күні, сағат 10:00-де.
Байқаудың мақсаты: Шардара ауданының тумасы, республикамызға танымал сазгер-әнші Лесбек Амановтың 300-ге тарта әндері бар, оның халық арасында кеңінен танымал болған әндерінен басқа сирек орындалып жүрген шығармаларын жарыққа шығару, мерейін асқақтату, жастарды отансүйгіштікке баулу, ән өнерін дамыту, ұлттық рухта тәрбиелеу, халық арасында сазгер-әнші Лесбек Амановтың ән шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Байқауға қатысу шарттары:
1.Байқауға 18 жастан жоғары жасына шектеу қойылмайды;
- Байқауға қатысушы үміткер туралы мәліметті электронды нұсқа және қағаз түрінде жіберуі тиіс.
- Шығармалар жанды дауыста орындалады.
4.Байқау екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең: сазгер-әнші Лесбек Амановтың бір әні орындалуы тиіс.
Екінші кезең: Шардара туралы әндер орындалады.
Жеңімпаздарды анықтауда қазылар алқасы қатысушының әнді орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтінінің мазмұндылығына, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, музыкалық сүйемелдеудің жазылу сапасына, орындаушылардың көрермендерге әнді әсерлі жеткізе білуіне назар аударып, шешім қабылдайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Байқау жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен мараптталады:
- Бас жүлде – біреу
- І орын – біреу
- ІІ орын – екеу
- ІІІ орын - үшеу
Номинациялар:
- Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесі.
- Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесі.
- Ең үздік Шардара туралы әнді орындаушы арнайы жүлдесі.
- Мамыр Жалаңбасов атындағы арнайы жүлде.
- Лесбек Аманов атындағы арнайы жүлде.
Лесбек Амановтың сирек орындалып жүрген әнін орындаушыларға басымдық беріледі және Шардара туралы жаңа әндерге арнайы сый-сияпаттар тағайындалады.
Байқауға қатысушылардың жол шығыны қатысушыға жолдама берген ұжымның, мекеменің есебінен қарастырылады.
Үміткерлер байқауға қатысуын растайтын өтініштері мен жеке куәліктерінің көшірмелерін 2023 жылдың 9 қарашасына дейін «Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мекемесінің 8-725-35-2-15-39 факс нөміріне немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жолдауы тиіс.
Ұйымдастыру алқасы: Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Шардара аудандық мәдениет сарайы.