Таяуда бокстан Астанада өткен Азия чемпионатында жастар санатындағы 5 спортшы қызымыз финалда өнер көрсетіп, 5 алтын және 5 қола жүлдені жеңіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Аталған чемпионатта Элянұр Тұрғанова (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Әсем Таңатар (63 келі), Бақыт Сейдеш (66 келі) және Шұғыла Налыбай (75 келі) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қыздар арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі, жерлесіміз Ұлжан Сәрсенбек үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Жеңісті жолдар жалғаса берсін!
«Өскен өңір» – ақпарат.