Партияның Шардара ауданында 4107 партия мүшесін біріктіретін 15 бастауыш партия ұйымы  жұмыс істейді.

9 айдың қорытындысымен партиялық жарна 100,1%-ға (10,2 млн тг) орындалды. Партия қатарына 106 адам қабылданды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 254 арыз-өтініш келіп түссе, оның 74% -ы (172) оң шешіліп, 26% (60) заң аясында кеңес берілген.  22 өтініштің қаралу мерзімі бар.

 «Жер аманаты» комиссиясының ықпалымен 24542,72 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылды.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында  бүгінгі таңға 750,285 млн теңгені құрайтын  134 өтінім мақұлданса, 533,860 млн теңгені құрайтын 99 жоба қаржыландырылды.

«Қарыссыз қоғам» жобасы аясында қазіргі таңда Шардара ауданда 653 адам оқытылды.

Кеңестердің 6 отырысы өткізіліп, 12 мәселе қаралып, мемлекеттік мекемелерге  9 ұсыныс жолданды.

Фракциялардың 3 отырысы өткізіліп, «Жол картасының» тармақтары бойынша 7 мәселе қаралды.

Сайлаушылардан келіп түскен мәслихат депутаттарының бақылауындағы 27 өтініштің 59%-ы (1 6) орындалған, 41%-ы (11) орындалуда.

Мемлекет Басшысының Жолдауы бойынша 31 іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында  7, әлеуметтік желілерде 30 пост жарияланды.

Жалпы жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 17 материал, әлеуметтік желілерде 126 пост жарияланды. Мәслихат депутаттарының қатысуымен 8 брифинг өтті.

Биыл 4 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтті. Сайланған ауыл әкімдерінің 100%-ы «AMANAT» партиясының мүшелері.

Аудан әкімі сайлауы бой-ынша Шардара ауданында 4 кандидат тіркелген. Оның 1-еуі партия конференциясымен ұсынылған. 3-еуі өзін-өзі ұсынған партияластарымыз.

 Ауданда  33 сайлау учаскесі, 44 109 мың сайлаушы бар (оның 2-еуі жабық). Сайлау учаскелеріне партия атынан 96 адамнан тұратын сенімді өкілдер мен байқаушылар тіркелді.

Кандидаттың жеке кестесіне  сәйкес, үгіт кезеңінде 4242 мың сайлаушыны қамтитын  27  кездесу өткізілді. Әлеуметтік желілерде 27 пост жазылды.

Сайлау қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған әріптесіміз Қарсыбаев Арман Романұлы аудан әкімі болып сайланды.

 Ережеп Бекет, «Amanat» партиясы  Шардара аудандық

филиалының төрағасы.