Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегінің мәселесі, денсаулығына байланысты жәрдем беру мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу, кезекпен тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша жәрдем беру, тұрғын үйге газ кіргізу, көпқабатты үйлерге газ жүргізу мәселесі, ойын алаңшасын жөндеу, кәріз, Қастеев көшесін асфальттау, интернет мәселесі, ауыз су, тұрғын үй кезегіне тұру, жайылымдық жер алу, жеке тұрғын үй учаскесінің мәселесі, индустриялды аймаққа кәсіптік нысан салу, «Әсемай» мөлтекауданынан оқушыларды тасымалдау мәселесі, көшеге жарық қою және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарға заңды жауап беріп, тиісті мекемелерге туындаған мәселелерді анықтап, шешу жолдарын талқылап, оңтайлы жағын қарастыруды тапсырды.
Рүстем ЕРҒАЛИҰЛЫ.