Республика күні қарсаңында еліміз бойынша түрлі салада жемісті еңбек атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды. Шардара аудандық орталық ауруханасында еселі еңбек етіп келе жатқан бір топ дәрігерлер таяуда осындай марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, аудандық аурухананың ардагер дәрігері Мыңбаев Пазылхан Нәліханұлы «Үздік ардагер» төсбелгісімен, аурухананың дерматолог дәрігері Сабирова Қарлығаш Құттыбайқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Азаматова Анаргүл Сүйінбайқызы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ, аурухананың хирургия, инсульт, амбулаторлық-хирургия бөлімдері үздік көрсеткіштері үшін кәсіподақ ұйымының атынан арнайы сертификаттарға ие болды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, ақ халатты абзал жандар!
«Өскен өңір» – ақпарат.