Қарсыбаев Арман Романұлының аудан әкімі болып сайланғанына 10 күннің бедері болды. Халық сеніміне ие болып, ауданның тізгінін ұстаған А.Романұлы ә дегеннен жұмысқа белсене кірісіп кетті.
«Өзімнің туған жерім ғой, ой-шұқырын беске білемін» деп кабинетте отыра бермей, бар тірлікті көзіммен көрейін деген А.Романұлы кешегі аптада күннің жексенбі болған- дығына қарамастан, аудан орталығындағы бірнеше нысандарды аралап, ондағы жағдайлармен танысты. Аудан әкімі бастаған топ әуелі Келес-Шардара бағытындағы аудан шекарасына барып, кіреберістегі абаттандыру құры- лысын талқылады.
Салаға жауапты мамандарға аудан орталығына кіретін үш бағытты реттеп, жаңарту бойынша тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, кіреберістегі заманауи үлгідегі эскиздік жоспарлармен танысты.
«Босағасы таза, көрікті үйдің төрі жайнап тұрады. Ондай үйдің төріне қуана, көтеріңкі көңілмен өтесің. Ал босағасы қоқысқа толып жатқан үйге барсаң, төріне қарай аттағың келмей қалады. Сондықтан әуелі Шардара ауданының кіреберісі көз тартардай құлпырып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлап тұрғаны дұрыс. Тазалық мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек», – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан басшысы Ақшағала шағынауданында салынып жатқан алты бірлік екі қабатты 96 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. А.Романұлы құрылыс- қа жауапты мердігерлер мен жауапты сала басшыларына тұрғын үйді сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Айта кетсек, аталған тұрғын үйлерді 2024 жылдың ішінде аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, аудан басшысы "Тұңғыш Президент" саябағына барып, ондағы тозығы жеткен «Ақ босаға» неке сарайының ғимаратын қарап, оған күрделі жөндеу жүргізіп, тиімді мақсатта пайдалану керектігін талқылады.
Аудан әкімі А.Қарсыбаев танысып шыққан нысандар бойынша жауапты әр са- ла басшыларына нақты тапсыр- малар беріп, жұмыстардың уақытылы орындалуы керектігін атап айтты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.