14 қарашадан бастап ауданымызда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Республикалық Ынтымақ Жолы» қоғамдық қорының «Әлеуметтік дүкені» қолданысқа беріліп отыр.
Қоғамдағы аз қамтылған отбасыларға, зағиптығы бар отбасыларға, мүгедектігі бар отбасылар мен асыраушысынан айырылған отбасылар үшін арнайы тегін киім-кешектер дүкені ашылып, халық игілігі үшін пайдаланылуға берілді. Дүкенде алдағы уақытқа, яғни қыс мезгіліне ең қажетті қалың киімдер мен сырт киімдер, аяқ киімдер мен балалар киімдері пайдаланылуға түседі. Әлеуметтік дүкен аудан орталығындағы Астана көшесі бойынан орын тепкен.
Мұқтаж жандарға қол ұшын созу мақсатында аталған дүкеннің ашылуына «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет, аудандық мәслихат депутаты Құралай Тілешова, ауданның бас имамы Марат Асанов, мүгедектер қоғамының төрағасы Қуанышбек Ерназаров, қала әкімінің орынбасары Бөгенбай Сүйеттер белсенді ат салысты.
Мадина Ералы.