Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев Польша елінің «BG Production» балық шаруашылығымен айналысатын компания өкілдерімен кездесті.
Инвесторларды жерлесіміз, талай жыл ел дамуында абыройлы қызмет атқарған Құдайберген Ержан бастап келді. Олар балық өсіру, балық пен құсқа арналған жем шығару кешені жобасын іске асыруға ниетті. Оның ішінде ақсерке (лосось) балығын өсіруді жоспарлауда.
Компания алдағы 4 айда балық өсіру кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп, жобаны іске асыруға арналған барлық құжаттамаларды рәсімдеуді көздеп отыр. Аталмыш компания балық өнімдерін Еуропадағы ең ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі саналады.
Аудан әкімі инвесторларға ауданның балық шаруашылығымен айналысуға мүмкіндігі жоғары екендігін айтып, алдағы уақытта бұл бағыттағы жобаларға қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Сондай-ақ, салаға жауапты мамандар инвесторларға ауданның балық өңдеп, өсіретін кәсіпорындарын аралатып, олардың мүмкіндіктері мен жобаларын таныстырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.