Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев «AMANAT» партиясының Шардара аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегінің мәселесі, денсаулығына байланысты мәселе, кәсіп ашу заңдылықтары, кезекпен тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, тұрғын үйге газ кіргізу, ауыз су, жеке тұрғын үй учаскесінің мәселесі және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдарға жауап беріп, тиісті мекемелерге мәселелерді оңтайлы шешуді тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.