Өткен аптаның соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен Шардара қаласы бойынша жаппай сенбілік өтіп, қала аумағына 4000 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке барлық мемлекеттік мекемелер мен ерікті аудан тұрғындары қатысты.
– Ауданымыздың көрікті болуы ең бірінші тазалығы мен көгалдандыруына байланысты. Сондықтан өзіміз тұрып жатқан ортаға қамқорлық жасап, көркеюіне атсалысу осында тұрып жатқан әрбіріміздің міндетіміз деп білемін. Туған жерге үлес қосу үшін үлкен істер істеу міндет емес, жай ғана тазалығы мен көркеюіне қол ұшын созуда жеткілікті – деді А.Романұлы.
Өз тілшімізден.