СЕРЖАН ИЛЬЯСОВ – АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Ильясов Сержан Абдухарұлы 2023 жылғы 6 желтоқсанда аудан әкімі А.Қарсыбаевтың өкімімен «Шардара ауданы әкімдігінің аудандық жер қатынастары бөлімінің» басшысы болып тағайындалды.
С.Ильясов 02.11.1978 жылы Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Шардара кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 2002-2004 жылдары «Мәриям» шаруа қожалығының мүшесі, 2004 жылы облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Шардара аудандық филиалында маман, жетекші маман қызметтерін атқарған. Шардара аудандық жер қатынастары бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі, бас маманы, сектор меңгеруші-мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бері Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
*****
БАУЫРЖАН БІЛАЛОВ – АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес Білалов Бауыржан Бекманұлы 2023 жылғы 6 желтоқсанда аудан әкімі А.Қарсыбаевтың өкімімен «Шардара ауданы әкімдігінің аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы болып тағайындалды.
Б.Білалов 01.01.1983 жылы Шардара қаласында туылған. Білімі – жоғары, Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экономист-финансит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолында 2004-2007 жылдары «Ержан» шаруа қожалығында есепші, 2007-2010 жылдары Шардара аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бағдарламашы, 2010 жылы Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімінде нұсқаушы, 2010-2012 жылдары Шардара аудандық құрылыс бөлімінде жетекші маман, 2012-2013 жылдары Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімінде жетекші маман, 2013-2019 жылдары осы бөлімде бас маман, 2019-2019 жылдары осы бөлімде сектор меңгерушісі, 2019-2021 жылдары Шардара аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінде бас маман, 2021-2022 жылдары Шардара аудандық экономика және қаржы бөлімінде бас маман, 2022 жылдан бері осы бөлімде сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
*****
ЖАНАТ МҰСАТАЕВА – АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына, «Б» корпусының мемлекеттік-әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес конкурстық комиссияның шешімімен оң қорытынды алған Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы Түркістан облысының Білім басқармасының басшысы Г.Джумашевтің 2023 жылғы 05 желтоқсандағы бұйрығымен «Шардара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жанат Тұяқбайқызы бұған дейін Отырар ауданы білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
«Өскен өңір» – ақпарат.