Таяуда Түркістан қаласында мәдениет саласының үздік ұйымдары мен қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, сала мамандарын құттықтады. Шара барысында таяуда ғана республикалық додада үздік атанған Түркістан облысының үш бірдей мәдениет мекемесіне марапаттар табысталды.
Сонымен қатар мәдениет қызметкерлері арасында жерлесіміз, Шардара аудандық мәдениет сарайы директорының орынбасары Ұлжан Қойлиева Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ұзақ жылдардан бері ауданымыздың, қала берді облысымыздың мәдениет саласының дамуына зор үлес қосқан Ұлжан Қойлиеваға марапат құтты болсын дегіміз келеді.
Өз тілшімізден.