Аудан әкімі Арман Қарсыбаев қалалық емханаға барып, ондағы материалдық-техникалық базамен танысты. Аурухана басшылығы ондағы медициналық құрал-жабдықтарды көрсетіп, жаңадан келген жабдықтардың мүмкіндіктерін көрсетті. Аудан әкімі аурухана басшылығына тұрғындар емханаға келетін қосымша жол салу мәселесін көтеріп, ол бойынша жұмыс жүргізілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі Шардара қаласындағы Төменгі тоғай мөлтекауданына барып, ондағы тозығы жеткен футбол алаңшасымен танысты. Жауапты тараптарға мұнда жаңадан балалар ойын алаңшасын және футбол алаңын салу бойынша жобалық-смета дайындап, жүзеге асыру үшін жұмыс жасауды тапсырды.
А.Романұлы аудан халқының қолайлы өмір сүру үшін барынша жағдай жасау қажеттігін айтты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.