Кешегі аптаның сенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев сала мамандары және кәріз жүйесінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлермен бірге қаланы аралады.
Ең алдымен Абай көшесінің бойындағы құбырлар көмілген топырақтың отырғандығын қарап, ретке келтіруді тапсырды. Сондай-ақ, Оңдасынов, Түгелбаев көшелеріндегі кәріз құдықтарының құрылысымен танысып, мәселелерді талқылады.
Аудан әкімі мердігерлерге кәріз жүйесін жүргізіп болған соң қазылған топырақтар мен қоқыстарды тазалап, сапалы түрде асфальттап кетуді тапсырды. А.Романұлы жауапты сала мамандарына жұмыстың сапалы және уақытылы аяқталуын бақылап отыруды айтып, апта сайын құрылыс жұмыстарын аралап тұратындығын жеткізді.
Шардара ауданы бойынша кәріз жүйелері кәріз 27 пайызды құрайтын. Пайдаланудағы кәріз желісінің жалпы ұзындығы – 36 шақырым.
Ал қосымша Шардара қаласын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы Шардара қаласындағы Қызылжар, Майқала, Абай, Ақбала шағын аудандарының кәріз желілерінің құрылысы» жұмыс жобасы 2020 жылы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 2022 жылы республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталып, бүгінгі таңға аяқталу сатысында.
Құрылыс жұмыстары «Агроспецмонтаж» ӨК тарапынан жүргізілуде. Осы жоба бойынша 31 шақырым кәріз құбырлары жүргізіліп, қала тұрғындары 51 пайызға сарқынды су желісімен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, қала аумағындағы көшелерден кәріз құбырын қазу жұмыстары барысында қазылып, бұзылған жерлерге асфальт төселімі мен жол жиектеріндегі (бордер) шекара тастарын және аяқжолдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. .
Аталған нысан құрылысын жұмыс кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.