Таяуда «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақ үні» газеті, Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Түріксой» жастар бірлігінің ұйымдастыруымен Алаштың ақиығы, ұлтымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабайдың 130 жылдығына орай «Тұран тұлғасы» тақырыбында халықаралық ақындар мүшәйрасы өткен болатын. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен арқалы ақындар қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында жерлесіміз, ақын, ардагер ұстаз, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Нұрғали Ыбырайым да шығармасын сынап көрген еді.

Мүшәйра қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Н.Ыбырайым «Шәкәрім атындағы арнаулы жұлдеге» ие болды.

Қандай жағдайда да қаламын жанынан тастамаған ақынға жүлде құтты болсын дей отырып, алдағы уақыттары да шығармашылық табыс тілейміз.

«Өскен өңір» – ақпарат.