Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауданымызда еселі еңбек етіп, өңірдің экономикалық, мәдени-әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан ардагерлер марапаттарға ие болды.
Атап айтқанда, аудан көлемінде түрлі салада басшылық қызметтер атқарған ауданымыздың «Құрметті азаматы» Бәкір Қалмырза Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Полиция ардагері, ауданымыздың «Құрметті азаматы», аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есенбай Бейсенбиев «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Апта басында аудан әкімі А.Қарсыбаев аталған марапат иелерін арнайы қабылдап, марапаттарды табыс етті.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
«Өскен өңір» – ақпарат.