Жаңа жыл – әлемдік мереке. Әрбір жан жаңа жылдан өзінше жақсылық пен оң өзгерістер күтеді. Әсіресе балалардың рухани тұрғыда ой-өрісі ертегі әлемімен ұштасып, қиялға беріле асыға күтетін мейрамы.

Осы орайда аптаның сейсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қатысуымен «Ақ дастарқан» мейрамханасында ҚР Президентінің атынан өткізілетін балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға ауданымыздың әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жартылай жетімдігі бар отбасылардан шыққан балалар қатыстырылды.

Ертегілер мен мультфильм кейіпкерлері балалардың көңіл-күйін көтеріп, театрландырылған қойылымдар сахналанды. Жаңа жылдық шыршаның шамын жағып, бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Арман Романұлы балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек. Әрбір адамзат баласы Жаңа жылдан жақсылық күтеді.

Әсіресе бүлдіршіндеріміз мерекені ерекше қуанып қарсы алады. Балаларымыздың қуанышын, жүздеріндегі күлкіні көру – ең үлкен бақыт.  Баршаңызға осынау сәтті пайдалана отырып, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен шаттық тілеймін», – деді аудан басшысы.

Мерекелік шарада әуелеген ән, мың бұралған бишілер балаларға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, балаларға аудан әкімінің атынан мерекелік арнайы сыйлықтар үлестірілді. 

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.