Кеше ҚР Парламенті сенатының депутаттар Али Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Шардара ауданына келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері және жастармен кездесті.

Кездесуді аудан әкімі Арман Қарсыбаев ашып беріп, сенаторлармен таныстырды.

Жиын барысында халық қалаулылары атқарған жұмыстарды баяндап, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бірқатар заңнамалар әзірленіп жатқанын атап өтті.

Мәжіліске қатысушылар тарапынан мүгедектігі бар жандарды оңалту орталығына жіберу, олардың жүріп-тұруына арналған жабдықтардың сапасы, жастарды үлкен қалаларға кетірмей ауылды жерлерде ипотекаға тұрғын үйлер салу, «Тама-Тастанбек» су қорынан ауыз су тарту, жұмыс орындарын көбейту, азық-түлік бағасын қадағалау, Шардара ауданындағы электр қуатының бағасы және өзге де әлеуметтік мәселерге қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Сенаторлар әр сұраққа жан-жақты жауап беріп, халық игілігіне қажетті үлкен жобаларды салаға жауапты министрлікке хат ретінде жолдайтындықтарын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.