«Жылдың үздік білім беру мекемесі» – №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі (директоры Ғаниева Гүлжан Көбейқызы).

«Жылдың үздік ұстазы» – Шорабекова Айгүл Сәдуақасқызы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

«Жылдың үздік санитарлық дәрігері» – Назарбекова Сабира Шортанқызы, Шардара аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

«Жылдың үздік федерациясы» – Ұлттық ат спорты федерациясы (федерация мүшесі Төлегенов Ержан Тұрысбекұлы).

«Жылдың үздік спорт мекемесі» – Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (директоры Төрақұлов Нұржан Омарбекұлы).

«Жылдың үздік құрылысшысы» – Махашев Асанбай Қуанышұлы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

«Жылдың үздік қаржыгері» – Әбдірасылова Замира Рысбекқызы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.

«Жылдың үздік мәдениет қызметкері» – Мәуленова Зәуреш Молдаханқызы, «Мерей» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі.

«Жылдың үздік әншісі» – Молдағұлов Ахмет Мамырұлы, Шардара аудандық мәдениет сарайына қарасты Алатау батыр ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.

«Жылдың үздік инвесторы» – Бақтыкерей Омар Әсенұлы, «Шебер» қоғамдық бірлестігінің директоры.

«Жылдың үздік кәсіпкері» – Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы, жеке кәсіпкер.

«Жылдың үздік көше медиаторы» – Иманбеков Сейдулла Иманбекұлы, көше биі.

«Жылдың үздік заңгері» – Ысқақов Амангелді Оразбайұлы, еңбек ардагері.

«Жылдың үздік полицейі» – Оңалбай Бақберген Ерланұлы, Шардара ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны.

«Жылдың үздік құтқарушысы» – Тағабаев Берік Зұлпыхарұлы, Шардара ауданы №4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

«Жылдың үздік агрономы» – Бөлегенов Серік Әбілқасымұлы, «Береке» фермерлік қожалығының төрағасы.

«Жылдың үздік ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуші» – Шыныбаев Бекет Балтаұлы, «Балта» фермер қожалығының төрағасы.

«Жылдың үздік ауласы» – Әл-Фараби көшесі, №11 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы (төрайымы Жолдасова Қалия Шағатайқызы).

«Жылдың үздік ақыны» – Дауылбаев Қанат Мансұрұлы, Шардара аудандық мәдениет сарайының әнші-термешісі.

«Жылдың үздік тәрбиешісі» – Түймебаева Гүлнар Кеңесқызы, «Арайлым» балабақшысының әдіскері.

«Жылдың үздік дәрігері» – Джаббаров Орынбек Жұмабекұлы, хирург/эндоскопист.

«Жылдың үздік мейірбикесі» – Жұмабаева Злиха Зұлыпхарқызы, «Ұзын ата» дәрігерлік амбулаториясының аға мейіргері.

«Жылдың үздік спортшысы» – Ерсайын Мейрамбек Ерғазыұлы, спортшы.

«Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Байғозиев Асан Кенжеханұлы, жаттықтырушы.

«Жылдың үздік электригі» – Әбілбеков Жандос Нұрланұлы, Алатау батыр ауылдық округінің электромонтері.

«Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» – Айтжанова Карашаш Жұмақазықызы, Шардара қаласы әкімі аппаратының қоғамдық жұмысшысы.

«Жылдың үздік көшесі» – Наурыз көшесі (көше комитетінің төрағасы  Спанов Ихтьяр Әбілұлы).

«Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» – Әліқұлова Ләззат Құдайбергенқызы, Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектігі бар балаларға үйде арнайы қызмет көрсету бөлімшесінің консультанты.

«Жылдың үздік мал дәрігері» – Тілеубергенов Ғалымжан Орынбайұлы, Жаушықұм ауыл округінің ветеринариялық бекетінің меңгерушісі.

«Жылдың үздік жас белсендісі» – Тұрлыбеков Сұлтанбек Жұмабекұлы, «Жастар ресурстық орталығының» әдіскері.

«Жылдың үздік журналисті» – Өсербай Ақбота Нұрполатқызы, «Шартарап-Шарайна» газетінің тілшісі.

«Жылдың үздік ақпарат таратушысы» – Пердебек Рүстем Ерғалиұлы, аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

«Жылдың үздік орманшысы» – Әмірбек Абзал Әмірбекұлы, Шардара орманшылық басшысы.

«Жылдың үздік өрт сөндірушісі» – Укаша Бауыржан Мұхтарұлы, Шардара ауданы №4 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары. 

"Өскен өңір" – ақпарат.