Апта барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Балабиев Шардара ауданына іссапармен келді.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев депутатты ең алдымен Жаушықұм ауылдық округіндегі жаңадан ашылатын 200 орындық мәдениет үйімен таныстырды. Мәжіліс депутаты сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Contruction» АҚ тапсырысымен IV- мөлтек ауданда салынып жатқан 1200 орындық жайлы мектеп құрылысымен танысып, ондағы мамандармен жұмыс қарқынын талқылады. Бұдан бөлек, Шардара қаласындағы «iBilim» білім беру орталығының жұмысымен танысып, білім беру жүйесін зерделеп шықты.
Халық қалаулысы мұнан кейін Шардара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Қ.Рахымұлына құқық қорғау саласының қызметшілері тарапынан бірнеше мәселелер мен ұсыныстар айтылып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Өтеғұл шағын ауданында жаңадан салынып жатқан, бірақ қазіргі таңда құрылысы тоқтап тұрған 300 орындық жайлы мектепке барды. Депутат бұл мәселеден хабардар екенін айтып, құжаттамалар мен жобаға байланысты уақытша тоқтап тұрғанын жеткізіп, бүгінгі күні бұл бойынша жұмыс жасалып жатқанын, мектеп құрлысы жалғасын табатынын атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.