Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев Қытай елінің инвесторларын қабылдады.
Инвесторлардың негізгі мақсаты – Шардара ауданында сұрыбы жоғары мақта өсіріп, оны өңдейтін зауыт салу. Осы тұрғыда екі жақты жоспарлар талқыланып, келіссөздер жүргізілді.
«Біз сіздерге қолдан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз. Сіздер көтеріп отырған мақта өндіру мәселесі – өзекті мәселе. Бұл бастама аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен мақта егумен айналысатын диқандарға оң ықпал ететіндігі анық. Сонымен қатар жергілікті бюджеттің де өсуіне әсер етеді» – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, қабылдауда инфрақұрылым және ағын су тарту мәселесі қозғалды.
Инвесторлар егіс алқабын көзбен көріп, жан-жақты бағамдап, жұмысты көктемнен бастап жүргізуге ниетті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.