Қызылқұм ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылының су торабы құрылысы» жобасы бойынша 2021-2022 жылдары республикалық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Алайда, аталған нысан бойынша ұңғыма қазу жұмыстары барысында жер асты қатпары қатты болуына байланысты бұрғылау жұмыстары аяқталмай, нысан 2024 жылға өтпелі болды. Жоба бойынша бас су торабы аумағынан тереңдігі 1020 метрді құрайтын ұңғыма қазу қаралған. Ұңғыма қазу жұмыстары «БурНовоСтрой» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Бүгінгі күнде 735 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, қазу жұмыстары жалғасуда.
Өткен аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев Қызылқұм ауылына барып, ондағы ауыз су торабының құрылысымен танысты. Мамандармен құрылыс барысын талқылап, ауылды сапалы ауыз сумен қамту жобасын пысықтады.
Жұмыстарды талқылаудан соң аудан әкімі аталған жұмыстарға бақылау жасайтын тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.