Аптаның бейсенбісінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың және қыздар арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсау, есірткіге қарсы психотроптық, күшті әсер ететін немесе улы заттардан қорғау, алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, аудандық ішкі саясат бөлімі жанындағы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Болашақты құру – бүгіннен басталады!» атты семинар өткізілді.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Зейнеділова, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювенальды полиция тобының қызметкерлері, аудандық орталық аурухананың психолог, нарколог, гинеколог дәрігерлері, мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік психолог мамандар мен медбикелер, білім беру мекемелеріндегі «Әкелер мектебі» ұйымының төрағалары мен «Аналар кеңесінің» төрайымы және №16 колледждің студент жастары қатысты.
Жиында сөз алған азаматтар жастар тәрбиесіне қатысты жан-жақты атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Атқарылған жұмыстар кеңінен талқыланып, алдағы жоспарлар пысықталды.
Жиынды қорытқан аудан әкімінің орынбасары оқушылардың тәртібіне қатысты шараларды күшейтіп, бос уақыттарын тиімді пайдалану бойынша қарқынды жұмыс жасауды тапсырды.
Рүстем Пердебек.