Жыл сайын барлық елде ақпан айының бірінші бейсенбісінде 2005 жылы Будапешт қаласында (Венгрия) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке 1 ақпанда атап өтілмек.
Бұл күні бүкіл Республика бойынша осы мерекеге арналған іс-шаралар өтеді.
Біздің еліміздегі сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі сайлау құқығына тең, тікелей және жанама сайлау құқықтары, дауыс беру құпиясы жатады.
Азаматтардың сайлауға қатысуының еріктілігі. Сайлау еркіндігінің қағидасы кез-келген демократиялық мемлекет үшін негіз болып табылады. Сайлау еркіндігінің қағидасы азаматтардың сайлауға мемлекет тарапынан мәжбүрлеусіз өз еркімен қатысатынын білдіреді.
Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың кезеңділігін, халықтың түрлі әлеуметтік топтарының билік органдарында өкілдік етуін, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы қамтамасыз етілген.
Еліміздің сайлау заңнамасы үнемі жетілдіріліп, қазіргі әлемнің шындығына сәйкес түзетіліп отырады. Сайлау заңнамасымен бірге сайлау үрдісі де жақсарады, сайлаушылардың және басқа да сайлау үрдісіне қатысушылардың құқықтық мәдениеті артып келеді.
2022 жылғы 5 маусымда елімізде өткен референдум туралы еске алсақ, онда Қазақстан азаматтары бірқатар заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерге дауыс берді. 2022 жылғы 20 қарашада біз Республика Президентін жаңа жетіжылдық мерзімге таңдадық. 2023 жылы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын, сондай-ақ пилоттық режимде аудан әкімдерінің сайлауы сәтті өтті.
Халықаралық стандарттармен қатар, Қазақстан көптеген мемлекеттер сияқты сайлау заңнамасын жетілдіру мақсатында ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдарын ескереді. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ерік білдіруіне жағдай жасау жауапкершілігі енгізілді. Ауданымызда мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Ауданымызда 1 аумақтық, 33 учаскелік сайлау комиссиясы және 15 округтік сайлау комиссиясы құрылған. Оларда барлығы 305 комиссия мүшелері сайланған.
Сайлау құқығы бастапқыдан жеке болса да, жеке таңдау – бұл әркімнің ісі, сайлаудың өзі – билікті, азаматтарды және олардың өмір сүру аумағын біріктіретін, мемлекеттің өмір сүруімен бірге, оның егемендігін де қамтамасыз ететін жалпы іс.
Серік Қошалиев,
аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.