Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде Қ.Сәтбаев көшесінің бойынан жеке кәсіпкер Нұржанова Әсия Мәмбетәліқызы

80 орындық «Айсұлтан» балабақшасын ашты.

Бөбекжайдың ашылу салтанатына ауыл әкімі А.Алтынбеков, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Мырзагелдиев және ауыл тұрғындары қатысты.

«Ауылымызда жаңа балабақша ашылып, тұрғындардың игілігі үшін оңтайлы шара болуда.

Бұл балабақшадан елдің ертеңін ойлайтын тұлғалар мен тәрбиелі ұл-қыздар шықсын. Ауылымыздан бөбекжай ашып, бүлдіршіндеріміздің игілігі үшін пайдалануға беріп жатқан Әсия Мәмбетәліқызына алғыс білдіреміз», – деді ауыл әкімі.

Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, кәсіпкерге ыстық лебіздерін білдірісті.

Р.Пердебек.