Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудан тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға жауапты аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан кәсіпкерлік мақсаттағы жер құжаттамасын заңдастыру, балық өсіру үшін жер алу, үй кезегі, облыстық маңызы бар жолдың бойын тазарту, тұрғын үй, Ақалтын ауылдық округін «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізу, көпқабатты үйдегі кәріз құбырының мәселесі, мүгедектік анықтамасын алу мәселесі, ауызсу, егістік жер, жұмысқа тұру, жер кезегі және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы әр тұрғын тарапынан көтерілген сауалдардың мерзімі мен шешілу жолдарын түсіндіріп, әр салаға жауапты мамандарға тапсырмалар берді. Сондай-ақ, тұрғындарға әр мәселенің заң аясында шешілетіндігін жеткізіп, бюджет қаражатына байланысты жұмыс жоспарла- натынын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.