Қаңтар айының соңғы күндерінде Алматы қаласында спорттың таеквондо (ITF) түрінен балалар, жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында «ALMATY OPEN» халықаралық турнирі өтті. Бәсі жоғары халықаралық турнирге жерлестеріміз де қатысып, бақ сынаған болатын. Аталған турнирде өнер көрсеткен спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді қанжығаларына байлады.
Атап айтар болсақ, Худайбердиев Глеб пен Әбдіқадір Абдулла алтыннан алқа тағынса, Марат Әбжаппаров күміспен күптелді. Абдолла Сұлтан мен Әбжаппар Санжар қола жүлдені қанағат тұтты.
Жеңіске жеткен спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтаймыз.
«Өскен өңір» – ақпарат.