Қаңтар айының 25-29 күндері аралығында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде грек-рим күресінен 2009-2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер және 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған жарыста шардаралық бозкілем балуандары да бақ сынап, аудан намысын қорғады.
Дүбірлі додада өнер көрсеткен шардаралық балуандар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола алқаларды қанжығаларына байлады. Атап айтар болсақ, 38 келіде Ерасыл Бәкір І орынға, 62 келі салмақта Бақтыбай Жанболат ІІ орынға, 48 келі салмақ дәрежесінде Тимур Аяғұтов ІІІ орынға ие болды.
Жеңіске жеткен спортшыларымыздың алдағы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілектеспіз.
«Өскен өңір» – ақпарат.