Елімізде мектеп оқушылары арасында ауыл мектептерінің республикалық олимпиадасы ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – оқушылардың барлық пәндер бойынша білім мен білік деңгейін, инттеллектуалдық, логикалық, аналитикалық ойлау шеберліктері мен мәселені қорытып, жүйелі түрде саралай білудегі жүйріктік пен алғырлық, тапқырлық қасиеттері тұрғысынан өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау.
Осынау білім додасына «Жаушықұм» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Еспан Ақтөре жаратылыстану бағыты бойынша қатысып, жүлделі орынға ие болды. Ақтөре республикалық олимпиадада география пәнінен бақ сынап, оған қатысқан 1088 оқушының арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Ақтөрені және оны сайысқа дайындаған пән мұғалімі Тілеубекова Сара Анарбекқызын қуаныштарымен құттықтаймыз.
Білім көкжиегінде дарындылығымен білім шыңын бағындырған оқушыларымыз көп болғай!
«Өскен өңір» – ақпарат.