Апта барысында аудан әкімі Арман Қарсыбаев бір- қатар ауылдық округтерде болып, бірнеше нысанның жұмыстарымен танысты.
Тарқатып айтсақ, аудан басшысы Ақшеңгелді ауыл округінде орналасқан ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 5 дана, Достық ауыл округінде орналасқан ұзындығы 19 шақырымды құрайтын 3 дана жекеменшіктегі каналдар, яғ- ни барлық жекеменшіктегі 66 шақырымды құрайтын 8 дана каналдардың жай-күйімен танысты. Жекеменшік канал- дарды өзара келісіммен немесе заң жүзінде мемлекеттің теңгеріміне өткізу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Қызыл- құм ауылындағы тозығы жеткен 300 орындық мәдениет үйін күрделі жөндеу мәселесін қарады. Бүгінгі күні «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2024 жылға Қызылқұм ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттар дайындалып, қаржыландыру үшін салалық басқармаға ұсынылды. Ағымдағы жылға тиісті қаржы қаралып, биыл құрылыс жұмыстары басталады.
А.Романұлы бұдан кейін Қызылқұм мен Алатау батыр ауылдарында ПУИД-2 бағдар- ламасы арқылы жүргізіліп жатқан ағын су каналдарын бетондау жұмыстарымен танысты. Жалпы бағдарлама бойынша 211 км канал, 404 км қашыртқыны жөндеу жоспарланған. Қазіргі кезде қашыртқының 45%, каналдардың 80% жұмысы бітіп, 2025 жылдың ішінде жұмыстарды толық аяқтау көзделген.
Сонымен қатар, Алатау батыр ауылындағы «Шебер» тігін цехы мен «Нұрсила» жиһаз шығару цехының жұмысымен танысты. Тігін цехында 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылдық қуаттылығы қыстық киімнен 60 000 дана, арнайы жаздық киімнен 144 000 дана, аяқ киімнен 72 000 дана шығарылады. Алатау батыр ауылдық округінде «Түркістан» ӘКК АҚ арқылы шағын өндірістік индустриалды парк жобасына 5 гектар жер учаскесі бөлініп, жоба бойынша ол жерге «Шебер» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тігін фабрикасы, аяқ киім, жихаз шығару өндірісін қолға алу жоспарланған, шамамен жаңадан 500 астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Аудан әкімі мұнан кейін аудандағы күріш өндірумен айналысатын «Сая» фермерлік қожалығына барды. Онда өндіріс орнынан экспортталып жатқан күріш сорттары мен зауыт қуаттылығын қарады. Кәсіпкерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар бойын- ша айтып, талқылады.
Сонымен қатар, Көксу және Қоссейіт ауылдарындағы «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан механикалық та- залаудан өткізіліп жатқан қашыртқылардың жұмысымен танысты.
Көксу ауыл округі бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсан айынан бастап қашыртқы тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл округі бойынша механикалық тазалаудан өткі- зілетін қашыртқылардың жалпы ұзындығы 377 км, бүгінге дейін тазаланғаны – 76,5 км немесе 20,3 пайыз.
Ал Қоссейіт ауыл округі бойынша 2024 жылдың 20 қаңтар айынан бастап қашыртқы тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл округі бойынша механикалық тазалаудан өткі- зілетін қашыртқылардың жалпы ұзындығы 221 км, бүгінге дейін тазаланғаны – 12 км немесе 5,4 пайыз.
Аудан әкімі әр нысанның жұмысын жан-жақты саралап, күрмеулі мәселелерге тоқталып, жауапты тараптарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.