Аптаның сейсенбісінде ардагерлер үйінде алқа мәжілісі болып өтті. Іс-шараның ашылу кезеңінде Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков жиынның мазмұнын айтып, сөз сөйледі.
Жиынға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Асылхан Данияров, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Байдулла Рахматуллаев, медиаторлар тобының жетекшісі Жанайдар Биту, Алатау батыр ауылдық округі бойынша бастауыш ұйымының төрағасы Сейсен Қуан, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Нұрғали Ыбырайымдар түйткілді мәселелерді айтып, шешімін қарастырды.
Жиынға қатысушы ардагерлер өскелең ұрпақтың ең алдымен тәлім-тәрбиесін нығайтып, әр баланы өз баламыздай көріп, жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып беруге, қоғамды қалыпты ұстауға, еңбек етуді, мектеп қабырғасындағы балалардың жүріс-тұрысына аса мән беріп, зиянды заттардан аулақ ұстап, пайдалы дүниелермен айналысуға шақыру керектігін айтты.
Жиынды қорытындылаған Т.Бердібеков әріптестерін аудан халқының ынтымақ-бірлігі жолында жемісті жұмыстар атқаруға шақырды.
Мадина Досымқызы.