Облыстық бюджет есебінен ауданның коммуналдық меншігіндегі ағын су нысандарын қайта қалпына келтіру және тазалау бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Тарата айтсақ, 2023 жылы аудандағы ауыл округтері әкімдіктерінің теңгеріміндегі каналдарға облыстық бюджет қаржысы есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қ.Тұрысбеков, Ақшеңгелді, Достық ауыл округтеріндегі каналдарға қаржы қарастыру жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныстар берілді.
Осының нәтижесінде Ақшеңгелді ауыл округіндегі Егізқұм елді мекенінде орналасқан темір-бетон арықшалар жүйесінде «Тұран су» ШЖҚ МҚК мекемесі арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 4-К-2-8 каналының ұзындығы 7,458 шақырым, 4-К-2-9 каналының ұзындығы 3,138 шақырым, барлығы 10,596 шақырымды құрайды. Облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда аталған каналдардың орындары тазаланып және диаметрі ЛР-60, ЛР-80, ЛР-100 темір-бетон арықшалар тасымалданып, құрылыс жұмыстары аяқталуға таяп қалды.
Сондай-ақ, Ақшеңгелді ауыл округіндегі ұзындығы 2,7 шақырымды құрайтын 2-Х-1-а каналы, ұзындығы 12,688 шақырым болатын 4-К-1-3 каналы, ұзындығы 9,567 шақырым болатын 4-К-1-4 каналы, Достық ауыл округінде орналасқан ұзындығы 21 шақырымды құрайтын 1-К-2, 1-Х-2-К-1, 1-Х-2-К-2, 1-Х-2-К-3, 1-Х-2-К-4 каналдары, Қ.Тұрысбеков ауыл округінде жалпы ұзындығы 10,75 шақырым болатын РШ-2 каналы, РШ-3 және РШ-2-1 каналдары күрделі жөндеуден өтетін болады.
Көксу ауылы аумағында «Тұран-су» ШЖҚ МКК-ның 2 дана техникасы (экскватор) өткен жылы ағын су қашыртқыларының 23,5 шақырым жеріне механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 86 км, Қоссейіт ауылдық округінде 221 км, Көксу ауылдық округінде ұзындығы 235 км, Ұзын ата ауылдық округінде 319 км, Ақшеңгелді ауылдық округінде 72 км, Достық ауылдық округінде 7 км, барлығы 939 км коммуналдық меншіктегі ағын су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстары жүргілетін болады.
Жыл басынан бері «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан Көксу ауыл округінде ұзындығы 71 км (15 эксковатор мен 2 бульдозердің қатысуымен), Қоссейіт ауыл округінде ұзындығы 6 км (4 эксковатор, 1 бульдозердің қатысуымен) ағын су қашыртқысын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ағын су қашыртқыларын механикалық тазалау жұмыстары жалғасуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.