Ауған соғысы – Кеңес Одағы кезіндегі тарихи оқиғалардың бірі. Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толып отыр. Осы тұрғыда аудан әкімі ардагер жерлестерімізді қабылдап, құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.
«Сіздер өмірлеріңіздің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шақтарыңызды оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралған жауынгерсіздер. Сіздердің өлшеусіз ерліктеріңіз бен отансүйгіштіктеріңіз жас ұрпаққа өнеге. Ауданымызда өздеріңіздей батыр ағаларымыздың барын мақтан тұтамыз!» – деді аудан әкімі.
Қабылдауда болған аудандық «Ауған соғысы ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының төрағасы М.Жұмалиев аудан басшысына Ауған соғысы ардагерлерінің атынан ыстық лебіз білдіріп, ел тыныштығы мен бейбіт өмір тіледі.
Өз тілшімізден.