Кешегі аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев ағымдағы жылы жүзеге асыру жоспарланған  эскиздік жобалармен танысты.

Атап айтқанда, Шардара-Келес бағытындағы Шардара ауданының шекарасына кіреберістегі «Сәулеттік абаттандыру», Жаушықұм тас жолы қиылысына саябақ құрылысы, Шардара қаласындағы «Тұңғыш Президент» саябағы аумағындағы «Неке сарайы» ғимаратын қайта қалпына келтіріп, «Жастар орталығы» ғимаратын ашу, Шардара-Жетісай бағытында «Шардара өнімдері» көкөніс сауда орындары, Шардара-Жетісай бағытына кіші сәулеттік абаттандыру, «Тәуелсіздік» саябағын жаңа үлгіде жаңарту, Мұнайбаза елді мекенінің тұсындағы үлкен жолдың бойына этноауыл салу секілді тың жобаларды саралап, талқылады.

Аудан әкімі аудандық құрылыс және сәулет бөлімінің басшысына бұдан да бөлек, аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы, көрікті орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асатын бірқатар жобалардың эскиздерін жасауды тапсырды.

 Өз тілшімізден.