Аудандық мәдениет үйінде аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен  "Орнықты отбасы – қоғам тірегі" атты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша форум өтті.

Форумның негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық қорғау,әкімдік және қоғамдық ұйымдардың жұмысын саралап, алдағы жоспарларды пысықтап, отбасылық жанжалдарды оңтайлы шешу.

Форумда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, аудан прокурорының орынбасары С.Нұрахым, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов және аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А.Данияровтар сөз сөйлеп, отбасы мәселесіне қатысты баяндама жасап, ой-пікірлерін білдірді.

Шара басында "Бейдауа дүние" сахналық қойылымы көрсетіліп, көрермендерге отбасылық зорлық-зомбылықтың зияны туралы кеңінен әсер берді. Сондай-ақ, аудан көлемінде отбасылық жанжал барысындағы полиция қызметкерлерінің жұмысы бойынша бейнесюжет көрсетілді.

Шара барысында отбасы бақыты жайлы сөздер айтылып, әндер шырқалды. 

 Өз тілшімізден.