"AMANAT" партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын жалғастыруда. Осында кешегі аптада Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға "AMANAT" партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, ауданы әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің жауапты бөлім басшылары және мекеме басшылары, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары (білім бөлімі, Мансап орталығы, орталық аурухана) қатысты.

Қабылдауға 40-қа жуық аудан тұрғындары өздерінің арыз-өтініштерімен, ұсыныстарымен келді. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, инфрақұрылым, мал шаруашылығы, жайылымдық жер, жалақы, әлеуметтік көмек алу, қоғамдық жұмыспен орналасу, тұрғын үй салуға жер телімін алу, конкурспен жер алу және тағы да басқа әлуметтік мәселелер көтерілді.

Аудан басшысы көтерілген мәселелерге толыққанды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктеп, облыстық деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.

"AMANAT" партиясы  Шардара аудандық  филиалы.