Өткен аптада аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандық "Жастар ресурстық орталығының" мамандары мен белсенді жастарды қабылдап, еркін форматта пікір алмасты.
А.Романұлы ең алдымен жастарға ауданда атқарылатын жұмыстарды баяндап, тың идеяларды талқылады.
Кездесу барысында жастар кадр тапшылығы, "Жастар ресурстық орталығының" ғимаратын жөндеу, шараларға қосымша қаржы бөлу, микроавтобус алу секілді мәселелерді көтерді. Арман Романұлы әр сауал мен ұсынысқа жауап беріп, мәселелерді оңтайлы шешу жолын қарастыратынын жеткізді.
"Өздеріңізбен пікір алмасып, жастардың ойын білу – мен үшін маңызды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағы. Сондықтан, сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз еленуі тиіс. Бұл кездесудің мақсаты – өздеріңіздің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, бірлесіп жұмыс істеу. Алдағы уақытта үлкен көлемде ауданның белсенді жастарын жинап, еркін форматта кездесу өткіземін. Мен әрқашан жастарымызды қолдаймын" – деді аудан басшысы.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.