"Ашық әкімдіктегі – Ашық кітапхана" жобасы бойынша аудандық Орталық кітапхана жанынан құрылған жылжымалы кітапхана пункті аудан әкімдігінің ғимаратынан да ашылды.

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев облыс әкімінің тапсырмасына сай жүзеге асып жатқан бұл жобаның маңыздылығын айтып, қоғамды кітап оқуға септігін тигізетінін жеткізді. Іс-шарада басқа да қонақтар сөз сөйлеп, кітапхана оқырмандарының көбейе түсуін тіледі.

Жұмысын бастаған кітапхана сөрелеріне балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев, облысымыздың белгілі ақын-жазушылары Нармахан Бегалыұлы, Мұрат Бекей сынды қаламгерлердің кітаптары қойылды.

Рүстем ПЕРДЕБЕК.