Сәрсенбі күні аудан әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, инфрақұрылым, мал шаруашылығы, жайылымдық жер, жалақы, әлеуметтік көмек алу, конкурспен жер алу және тағы да басқа әлуметтік мәселелер айтылды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелерге толыққанды жауап беріп, аудан деңгейінде шешілетін жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар жүктеп, облыстық және мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселелерді ұсыныс ретінде жолдап, орындалуына ықпал жасайтынын жеткізді.
«Өскен өңір» – ақпарат.