Кеше 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, аудан әкімі Арман Қарсыбаев ұлағатты ұстаз Жамал Өтегенқызы, алғашқы білім берген ұстазы Ұлбазар Әтемқұлқызы және мүмкіндігі шектеулі Минайм Аманқұлқызы сынды ақжаулықты аналардың шаңырақтарына  барып, құттықтап шықты.

Аудан әкімі аналарға ыстық лебізін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.

— Сіздерді айтулы мереке 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ана деген ұлы есім – қашаннан да өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры болып саналады. Адам баласы үшін ананың орны әрдайым биік болып қала береді. Сіздерді ардақтап, лайықты құрмет көрсету – біздердің асыл борышымыз! Көктемнің шуақты мерекесі сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық пен мол бақыт әкеле берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді Арман Қарсыбаев.

Мереке қарсаңында сый-сияпатты болған ақ жаулықты аналар аудан әкімінің ықыласына алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс білдірді. 

Өз тілшімізден